2023 жылдың 14 қазанында «Дене шынықтыру» кафедрасы меңгерушісі А.Сейпілұлының жетекшілігімен НАО МУС қызметкерлерінің 70 жылдығына арналған «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырып, өткізді. Бұл шараның мақсаты – университет оқытушылары мен қызметкерлерін белсенді өмір салтына тарту.
Университеттің кафедралары мен құрылымдық бөлімшелері алты адамнан тұратын 12 командаға бөлінді. Командалар жылдамдық, ептілік және дәлдік бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: «Бес» командасы 3 орынды, «Адреналин» командасы екінші орынды иеленді. Ал жарқын да табанды күресте бірінші орынды «Мигалка» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Дене шынықтыру кафедрасы осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін НАО МУС барлық қызметкерлеріне және оқытушыларына алғысын білдіреді.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]