«Пластиктің пайдасы мен зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Пластиктің пайдасы мен зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2023 жылдың 12 қазанында «СМУ» КеАҚ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы «Пластиктің пайдасы мен зияны» атты өзекті тақырыпта дөңгелек үстел аясында жұмыс жүргізді. «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Педиатрия» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында микропластиктерге қатысты мәселелер, олардың ену жолдары және адам денсаулығына әсері қарастырылып, талқыланды. Студенттерге адам ағзасында полимер бөлшектерінің бар екенін растайтын шетелдік әріптестердің зерттеу нәтижелері ұсынылып, оның денсаулыққа әсері туралы мысалдар келтірілді.

Дөңгелек үстел қазіргі таңда өзекті болып отырған қоршаған ортаны ластау проблемасын ортақ пікір алмасу және ұжымдық талқылау алаңына айналды. Сондай-ақ студенттерге «СМУ» КеАҚ студенттерінің микропластиктердің адам ағзасына зияны туралы хабардар болуы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылып, пластмасса классификациясы туралы мәліметтер берілді. Дөңгелек үстел соңында студенттер микропластиктің адам ағзасына әсер етуінің қауіп факторларын барынша азайтуға бағытталған ұсыныстарын айтты.

Дөңгелек үстелді кафедра оқытушысы, PhD, Д.С.Серикова-Есенгельдина, кафедра оқытушысы Б.Б.Оразаева, кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., кауымдастырылған профессор З.А.Хисметованың басшылығымен дайындап, жүргізді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]