«Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы

«Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы

2023 жылдың 16 қазанында психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті  А.А.Алмагамбетованың жетекшілігімен 5 курстың  5108 және 3516 ОМ студенттері Абай облысы  ДСБ Облыстық Психикалық денсаулық орталығы ШЖҚ КМҚ – ның балалар бөлімшесінде «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – студенттердің назарын балалар бөліміндегі емделушілердің медициналық проблемалары мен қиындықтарына көңілдерін аудару. Облыстық Психикалық денсаулық орталығының балаларына сыпайылық таныту.

Құттықтау сөзімен психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А.А.  студенттерге жас пациенттерге көңіл бөлу мен қамқорлық көрсетудің маңыздылығы туралы айтты.

Психотерапевтік тренинг өткізілді, онда балалар бөлімінің балалары студенттермен бірге ойнады, би биледі, ән айтты. Студенттер әр балаға ерекше көзқараспен қарап, олардың назары мен қамқорлығына бөленді. Одан кейін студенттер балаларға  кітаптар мен ойыншықтар түрінде сыйлықтар берді. Балалар қуанып, күліп,  жақсы қарым-қатынаста болды және көптеген жағымды эмоциялар алды. Кездесу соңында балалар өте көңілді болғанын, күш-қуатының артқанын, студенттердің өнері мен сыйлықтарына риза болғандарын атап өтті. Студенттер позитивті әрекетке, позитивті ойлауға ынталанды және эмпатия таныту қабілеттерін арттырды!

Рубрикалар: Оқушылар