Қарттар күні келгенде, көбіміз қоғамымыздағы қарттарға деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығы туралы ойланамыз. Осы ерекше күнде біз, 4224 топтың студенттері «А.А.Қозбағаров атындағы акушерлік және гинекология» кафедрасының ассистенті , әрі топ кураторы Гүлбаршын Мырзахметқызы мен университетіміздің белсенділері бірлесіп, қаламыздағы қарттар үйіне барып қайтуға шешім қабылдадық. Бұл жолы біз мұны ерекше есте қалдыруды жөн көрдік, топ студенті Бимұханбетқызы Гүлжан өз оркестрімен бірге қарттар алдында домбырада өнер көрсетті.
Осындай мерекеде қарттар үйіне бару біз үшін ұмытылмас тәжірибе болды. Біз қарттарға көңіл бөлудің, оларға өз қамқорлығымыз бен көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін білдік. Университет белсенділері мен Гүлжанның қойған қойылымдары бұл күнді ерекше қуаныш пен жылулыққа толтырды.
Біздің жасаған ісіміз басқа адамдарға қарт адардармен көбірек уақыт өткізіп, өздерінің дарындары мен қуаныштарымен бөлісуге шабыт береді деп үміттенеміз. Қарттардың әр күні бізге аға ұрпақтарымызға деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын еске салсын.[/vc_column_text]