10 қазан 2023 жылы типтік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында студенттік ғылыми үйірмесінің алғашқы отырысы өткізілді.
Аталған отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер:
– 2023-24 оқу жылында әскери кафедраға түскен студенттерден ғылыми үйірменің жаңа мүшелерін сайлау;
– взводттардың жеке құрамын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына бекіту;
– ғылыми үйірменің мүшелерін профессорлық-оқытушылық құрамның 2023-2024 оқу жылына арналған зерттеу тақырыптарымен таныстыру;
Әскери кафедрадағы цикл бастығы, кафедрадағы ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуына жауапты запастағы полковник Мамыканов Ринат Толеутаевич ғылыми үйірменің құрылу қажеттілігі, үйірменің университеттегі әскери -медициналық ғылымындағы маңыздылығы, үйірменің мақсаттары туралы айта келіп, взвод студенттерін кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы арасында бөлу жайлы ұсынысын білдірді.
5 курс студенті М.Д.Абдрахманов өткен оқу жылындағы әскери кафедраның ғылыми жұмысын ұйымдастыру бойынша өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, әскери-медициналық білімнің университет үшін қажеттілігін, ғылыми білімнің құрылымын түсіндіріп өтті, атап айтқанда, тезистер, ғылыми мақалалар және конференцияларда баяндамамен шығу мәселелері жайлы айтты.
Антиплагиатқа тексеруге жататын құжаттардың дұрыс рәсімделуіне басты назар аудару керектігін ескертті.
Ұсыныстар бір ауыздан мақұлданды.
Шешім қабылданды:
- «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 2023-2024 оқу жылына арналған ғылыми жұмыстарының жоспарын бекіту;
- Студенттік ғылыми үйірмесінің отырыстарын өткізу реттілігін анықтау: әр квартал сайын бірінші айдың алғашқы жұма күні.
- Ғылыми жұмыстар жоспарына сәйкес әскери кафедра студенттерін профессорлық-оқытушылық құрамға бекіту.
- Студенттік ғылыми үйірмесінің хатшысы болып 4 курс студенті А.Ринатқызы сайлансын және үйірме құжаттарын жүргізу бойынша міндеттер жүктелсін.
- 4 курс студенті Ж. Чоқан ғылыми үйірменің бұқаралық ақпарат жұмыстарына жауапты болып сайлансын.
Әскери кафедраның студенттік ғылыми үйірмесіне жауапты запастағы полковник Р.Мамыканов
Бұқаралық ақпарат жұмыстарына жауапты 4 курс студенті Ж.Чоқан