Cуицидке қарсы халықаралық күн

Cуицидке қарсы халықаралық күн

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және физикалық оңалту кафедрасының ассистенттері Г. Б. Тайоразова, . Н.М. Аильбаеваның басшылығымен 2 оқу жылының неонатолог резиденттермен бірге суицидпен күрес күніне арналған іс-шараны өткізді. Тыңдаушылар 605,610 топ интерндері,сондай-ақ 1-2 жыл оқу жылының акушер-гинеколог резиденттері болды. Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белсенді қолдауымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен халықаралық суицидтің алдын алу қауымдастығының бастамасымен 2003 жылдың 10 қыркүйегінен бастап атап өтіледі. Дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні бұл мәселені білмеу мен үнсіздікті жоюға бағытталған. Неонатолог резиденттерінің ағартушылық жұмыстарының арқасында тыңдаушылар өздеріне суицид жеке адамның қасіреті емес, бұл оның қоршаған ортасының проблемасы, “қоғам ауруының”көрінісі екенін атап өтті. Біздің әрқайсымыз қолдауды қажет ететін жақын адамымызға назар аударуымыз керек.. Суицидтің алдың алуға болады![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар