14.10.2023 күні КеАҚ “Семей медицина университетінде” дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен аталмыш Оқу орнының 70 жылдығына арналған университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында спорттық эстафеталық жарыс өтті. Іс-шара еліміздің – Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры Думан Берікұлының құттықтау сөзінен кейін жарыс басталды.
Бұл іс-шараға әрбір командада алты адамнан барлығы 12 команда қатысты. Бұл турнирге ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары Ғалымбеков Д.Ж., Елькенова Б.З., және Есентаева А.М., “Фаворит”атты төртінші команда құрамында қатысты. Біздің команда құрамында профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының және неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының оқытушылары да болды.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең-эстафета, екінші кезең – арқан тарту. Қатысушылар жылдамдық, ептілік және дәлдік бойынша жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталды, сондай-ақ белсенді қатысқан командалар арнайы дипломдармен марапатталды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]