“Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері”тақырыбындағы санитарлық-ағарту жұмысы

“Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері”тақырыбындағы санитарлық-ағарту жұмысы

12.10.23 ж. де 720 топтың интерндері “Д.М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту” кафедрасының ассистенті Капанова А. А.  басшылығымен №8 “жалпы орта білім беру мектебі” КММ-де 7-8 сынып оқушылары арасында “Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері” тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді. 720 топтың интерндері “Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері” тақырыбында дәріс оқыды. Энергетикалық сусындардың зияны туралы ақпаратқа қатысты мәселелер қамтылды. Интерндер олардың салдары туралы статистикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды және аудиториямен интерактив жүргізді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқушылар бірқатар сұрақтар қойып, оларға жауап алды. Талқылауға 7-8 сынып оқушылары белсенді қатысып, талқыланатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Мектептің педагог-психологы Нұржанова Әйгерім Арманқызы өскелең ұрпақтың дамуы мен өсуіне белсенді үлес қосқаны үшін, қазіргі уақытта осындай өзекті тақырыпты көтергені үшін интерндерге алғысын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар