2023 жылғы 12 қазанда біздің Alma Mater-дің 70 жылдығына арналған Семей медициналық университеті КеАҚ-ның профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналы арасында эстафеталық ойындар өтті. Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенттері Қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларымен, Пругло атындағы патологиялық анатомия кафедрасымен бірлесіп осы іс-шараға белсенді қатысты. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту және дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысуға жағдай жасау мақсатында өткізілді. Іс-шараның басында клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Думан Берікұлы құттықтау сөз сөйледі. Жарыс барысында оқытушылар мен қызметкерлер алты адамнан тұратын 12 командаға бөлінді. Біздің команда “Қыран” деп аталды. Біз жылдамдықпен, ептілікпен жарыстық. Іс-шара өте белсенді және көңілді өтті. Жарыстың екінші кезеңі арқан тарту болды.
Бұл іс-шара бізге алдағы жұмыс аптасында сергектік пен қуат берді. Ұйымдастырушыларға осы жарысты өткізгені үшін алғыс білдіреміз, өйткені мұндай іс-шаралар біздің университетіміздің ұжымын біріктіруге өз септігін тигізеді.[/vc_column_text]