Қазан айының 9-жұлдызында қарттар үйінде өткен қарттар мейрамы құрметіне орай Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р бастауымен резидент-реабилитологтар “ұзақ өмірдің кілті” тақырыбында концерттік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік концертте резиденттерден бөлек, өз өнерлерін көрсету үшін 1-жыл резиденті Жолумбетова Мақпал кішкентай бүлдіршіндерді алып келді.
Кешті 2-жыл резиденті Аблакимова Айым мен 1-жыл резиденті Сатыбалдинова Данара әсем шумақты өлеңдермен бастады. Ұзақ әрі сапалы өмірдің 3 кілті жөнінде сөз қозғалып, оның алғашқы кілті қозғалыс екені айтылды. Осыған орай 1-жыл резиденті Нургазина Ақбота көңілді әуен ырғағымен дене қозғалысын және ми жұмысын жақсартуға бағытталған жаттығулар кешенін көрсетті. Басқа резиденттер және мекемедегі ардақты қарттар жаттығуларды бір адамдай бірігіп қайталады. Кешті ары қарай Болат Айсана табиғи дауысымен әсем әуен ырғағына бөледі. Әннен кейін кеш қонақтарына ұзақ өмір сүрудің 2-кілті ми жұмысын жақсартуға бағытталғандығын айтып, Хасенова Балнұр суретке қарап мақалдың жалғасын тап ойынын ойнатты. Мақалдардың жалғасын алғашқы болып және жылдам тапқан қарттарымызға денсаулыққа пайдалы болатын сыйлықтар таратылды. Миға түскен жүктемеден кейін шара қатысушыларының көңілін аулау үшін Данияр Айсана және Әділхан Саяжан сахнаны қазақтың көркем биімен әрлендірді.
Ары қарай Аблакимова Айым қарттарымызға мотивация беру мақсатында пайдалы видеороликтер көрсетті және жапондық Фукуцудзи әдісімен таныстырды. Сахнаға өз еркімен қатысушыны шақырып, тәжірибе жүзінде осы әдісті көрсетіп, оған өз сыйлығын ұсынды. Мерекелік концерт барысын Ошақбаева Айсулу суретке және бейнеге түсірді. Концерт соңында қарттарымыз ортаға шығып көңілді әуендерге биледі.
Іс шара аяғында мекеме басшылығы өз алғыстарын білдіріп, кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р-на және әрбір ұйымдастырушыға алғыс хат табыстады.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]