Біз резидент реабилитологтар, оқу жылының басынан бастап әртүрлі клиникалық базаларда тәжірибеден өтіп жүрміз, жиі ротация болады және әр базада жаңа білім жинап, реабилитацияның жаңа тәсілдерін үйренеміз. Өйткені, әр база әр түрлі ауруларға мамандандырылған. Қазір біз “Тоқтамыс” Балалар Реабилитациялық Орталығында тәжірибе жинақтап жатырмыз. Бұл орталықта біз сирек кездесетін аурулары бар ерекше балаларға курация жүргіземіз.
Біздің клиникалық тәлімгерімізбен ЛФК нұсқаушыларға және орталықтағы дәрігерлеріне арналған семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағын өткізу барысында біз Ретта диагнозымен клиникалық жағдайды талқыладық. Жиналған анамнезді, зертханалық-аспаптық зерттеулерді талқылай отыра курсқа оңалту мақсаттары қойылды. Бүгінгі таңда бұл бала осы орталықта қайта оңалтудың 3-кезеңінен өтуде. Реабилитацияның қосымша тәсілдері ұсынылды.
Біз реабилитолог дәрігерлер медицинаның барлық салаларын, соның ішінде генетикалық ауруларды да білуіміз қажет. Өйткені біздің тәжірибемізде барлық саладағы науқастар кездеседі. Кәсіби дайындық үшін медицинаны жан-жақты білу өте маңызды. Осындай семинар сабақтарын өткізу және практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп талқылау бізге оқытушылықты , шешендік өнерді, коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Біздің тарапымыздан біз практикалық денсаулық сақтауға да көмек көрсетеміз. Uptodate, PubMed, Cochrane сияқты университетімізде кеңінен қолданылатын медициналық ақпараттық жүйелерден дәлелді медицинаны оқып, бөлісеміз.
Айта кететін жайт, біздің дәрігерлер өздерінің кәсіби өміріндегі қызықты клиникалық жағдайлармен жиі бөліссе, бұл біздің медицинаны көбірек білуге, одан әрі кәсіби өсу үшін тәжірибе жинауға деген қызығушылығымызды арттырады.
1-курс резидент реабилитологы Хасенова Балнұр Нұрланқызы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

