Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Бүгін еліміздегі ерекше мерекелердің бірі аталып өтетін күн.
Рухани келісім – баршамыз үшін зор мәнге ие, қоғамның тұрақтылығына тірек болып тұрған қастерлі ұғым. Қазіргі таңда Қазақстанның өзгелер өнеге аларлық өркендеген мемлекетке айналуының бір сыры осы бір қасиетті құндылықтың шынайы бағаланып, татулық пен түсіністіктің арта түсуінде деуге болады. Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бірлігіміз бекемделіп, ынтымағымыз нығайып, еліміз биік белестерді бағындыра берсін!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов