14.10.2023жылы университетіміздің қабырғасында дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей медицина университетінің» КеҚА 70 жылдығына орай кафедра оқытушылары мен қызметкерлері арасында спорттық эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа ПОҚ ұжымынан 12 команда құрылды. Эстафетаға ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасынан екі оқытушы – Қанатбекова Арайлым Қанатбекқызы және Юсупова Бәтима Серікқызы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша «Пять» атты командамыз 3-орынға ие болды. Физиологиялық пәндер кафедрасы дене шынықтыру кафедрасына осындай қызықты ойын-шара ұйымдастырғаны үшін өз ризашылығын білдіреді, бұл өзімізді қуатпен толтыруға мүмкіндік беріп, жақсы эмоциялар қалдырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]