2023 жылғы 28 қыркүйекте Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында ғылыми үйірменің бірінші отырысы өтті. Түсіпова Д.М. биылғы жылы СҒҚ бойынша жауапты қызметкерлерге кафедраның барлық мамандықтары үшін өзекті тақырыптармен айына бір рет отырыстар өткізу ұсынылды.
Биылғы бірінші отырысты 1-ші және 2-ші оқу жылының резидент-реабилитологтары өткізді. Отырыстың тақырыбы: “Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитация”.
Кафедраның ҰҰ, резидент-педиатрлар мен неонатологтар қатысты. Отырыста резиденттер келесі тақырыптарда баяндамалар жасады: “Аккредитация.Кезеңдері”, “Қауіпсіздік кодтары”, ” ЕММ тазалау.НҚА”, “Стандарт бойынша қол жуу ережелері”.
Өткен оқу жылында 22-24 мамыр аралығында “Тоқтамыс” БОО клиникалық базасы денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес аккредиттеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтті және 2023-2026 Ұлттық аккредиттеудің I санатын алды. Осы аккредиттеуге дайындықпен қатар, біз, резидент-реабилитологтар үлкен тәжірибе алдық, бұл бізге болашақ өз тәжірибемізде пайдалы болады. Біз әріптестерімізбен осы тәжірибені ғылыми отырыс форматында бөлісу өте маңызды деп санадық.
Аккредиттеу сапа инфрақұрылымының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдерде бір ғана ұлттық аккредиттеу органы бар немесе құрылуда. Бұл халықаралық талап. Аккредиттеу сенімділіктің кепілі болғандықтан, оны өткізу коммерциялық мүдделермен немесе бәсекелестік мәселелерімен байланысты болмауы керек. Ол өнімнің, процестер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге арналған қоғам үшін техникалық қызмет ретінде қарастырылуы керек.Сондықтан Епу-дың әрбір қызметкері мемлекеттің барлық стандарттары мен нормативтеріне сәйкес білуі және әрекет етуі тиіс.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]