Куратор С. Б. Маукаева Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, әлеуметтік келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған “Жалпы медицина” факультетінің 5230 кураторлық тобымен кураторлық сағат өткізді. “Біз әр түрлі, бірақ теңбіз” және “әртүрліліктегі бірлік”принциптері талқыланды. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, қорытындыға келді, “шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына және т. б. себептер бойынша қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу” қағидатын сақтау қажет.