Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясы

Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясы

2023 жылдың 18 қазанында Семей қаласының жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасында кафедра меңгерушісі А. А. Дюсупованың  жетекшілігімен “Гендерлік теңдік”тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Гендерлік теңдік-әйелдер мен ерлердің тең құқықтық мәртебесі және оны жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері, жынысына қарамастан жеке тұлғаларға өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларына қатысу үшін өз қабілеттерін еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық туралы баяндама көрсеткендей, биылғы жылы Қазақстан 72,1% индексімен рейтингте 62 орынға ие болды (146 елден). 2022 жылмен салыстырғанда (71,9%) елдің индексі 0,28% – ға өсті.

2021 жылы Қазақстан Президенті Еңбек кодексіне әйелдер еңбегіне қатысты өзгерістер енгізілген заңға қол қойды. Енді қазақстандық әйелдер қауымында жұмысқа орналасуына ешқандай шектеулер жоқ, алайда ауырлықтарды қолмен жылжыту бойынша нормативтер қолданылады (жүктемесі 10 килограмнан аспайтын).[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]