Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

18.10.2023 жылы КеАҚ “Семей медицина университетінде”  Қазақстан Республикасының Рухани келісім күніне арналған «Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім» атты тақырыпта  ақпараттық-танымдық дәріс өтті.

Іс-шараға Абай облысы Діндер мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері Байжокенов М.Д. (теолог) және Күсембекова А.М. (маман) қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары Садыкова Л.К. және Жакупбекова Е.А.

Шараның мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, барлық діни мәдениеттер мен конфессияларға деген құрметті арттыру, сондай-ақ студенттердің санасында толеранттылық түсінігін нығайту.

«Рухани келісім күні» 1992 жылы Алматыда өткен Бірінші дүниежүзілік рухани келісім конгресінен бастау алады. Содан бері 18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні ретінде аталып өтеді. Бұл бірлік пен кешірім, мейірімділік пен өзара түсіністік күні.

Жалпы білім беру пәндері кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз