2023 жылдың 18 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 топ студенттері топ кураторымен (Жазықбаева Л.Қ.) «Рухани келісім күні» аясында ҚХА-ға арналған кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта куратор мен студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарымен, ұстанымдарымен және жетістіктерімен танысты.Ассамблеяның арқасында 28 жыл бойы Қазақстанның мәдени және этникалық әртүрлілігі қолдау тапты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атап өткен «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «әртүрліліктегі бірлік» қағидаттарының маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. Өйткені Қазақстандағы этностар мен конфессиялар арасындағы диалог пен бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігі елімізге 21 ғасырдағы дамыған және демократиялық мемлекет құруға мүмкіндік береді. Кураторлық сағатта студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Соңында студенттер кездесуді қорытындылап, жоғарыда айтылған қағидалармен келісетіндерін білдірді.
Студенттер 4403 гр., Жалпы медицина, куратор Жазыкбаева Л.К.