Кураторлық сағаты

Кураторлық сағаты

2023 жылдың 15 қазанында ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Капанова Г.К жалпы медицина факультетінің 4426 кураторлық тобымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауына арналған кураторлық сағаты өткізілді. Оның барысында студенттер мемлекет дамуының келесі жылдағы және алдағы бесжылдықтағы негізгі бағыттарын талқылады.

Топ студенттеріне мемлекетіміздің басшылығының сыртқы және ішкі саясатының ұстанымдары, діни экстремизм, терроризм және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, мүмкін болатын тұлғааралық қақтығыстарды шешу үшін адамдардың өркениетті әлеуметтік қатынастарды сақтау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, жастар арасындағы бұзақылықтың алдын алу бойынша студенттермен сұхбат жүргізілді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Капанова Г.К