Кураторлық топпен кездесу

Кураторлық топпен кездесу

19 қазан күні қоғамдық денсаулық кафедрасында оқытушы Қалбагаева Жадра Ерболовна жетекшілігімен 2208 жалпы медицина кураторлық топ арасында Қазақстан халқының ассамблеясының (ҚХА) қызметіне, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған кураторлық сағат өткізілді.  Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Сонымен  қатар, топ арасында университеттің академиялық саясаты, академиялық адалдылық пен білім алушылар үшін ішкі ережелер, кодекс және пән саясаты талқыланды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: