2023 жылдың 18 қазанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Г.К.Токабаева «Жалпы медицина» мамандығының 1226 кураторлық тобымен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Қазақстандағы ең көне және ірі мұражайлардың бірі – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1883 жылы саяси жер аударылған- халық қалаулыларының бастамасымен құрылған. Азаматтық қақтығыс- төңкеріс жылдарында ғимарат «Бостандық үйі» деп аталды. Мұнда 1917 жылы қала тұрғындарымен кездесуде Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов баяндама жасады.
Жинақта XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы басылымдар мұқият сақталған. Бүгінгі күні мұражай қорында 105 мыңнан астам экспонат бар. Көрме залында әртүрлі тақырыптағы көрмелер тұрақты түрде көрсетіледі. Студентттер тарихи-өлкетану мұражайының материалдары мен экспонаттарын үлкен қызығушылықпен танысты және қаланың тарихы туралы көп мағлұмат алды.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасысының оқытушысы Г.К.Токабаева