Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында 18 қараша 2023 ж. 5309, 5104, 2104 ЖМ топтарында кураторлар Г.Ж.Абдрахманова, Д.Б.Козубаеваның жетекшілігімен «біз әр түрліміз, бірақ теңміз» және «әртүрлілікте бірлік» қағидаларын енгізу іс-шаралары аясында ашық кураторлық сағат өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, толеранттылықты, ұлтаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында қарым-қатынас жасай білуді дамыту;
Кураторлық сағатта мемлекеттік тілді дамыту мәселелері, басқа этномәдени бірлестіктердің Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі, диалог мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайту және ҚХА-ның маңыздылығы туралы айтылды. Қазақстандағы ұлтаралық және халықаралық тұрақтылықты сақтау құралы ретіндегі мәселелері талқыланды.