Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі

2023 жылғы 20 қазанда психиатрия және наркология кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, әлеуметтік келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған кураторлық сағат өткізді.

Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті Алмагамбетова А. А.

Қатысушылар: 5108 ОМ тобының студенттері.

Президенттің жоғары білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие процесінде “біз әртүрліміз, бірақ теңдейіз” және “бірлігіміз әралуандықта” қағидаттарын іске асыру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында осы іс-шараға белсенді қатысу туралы шешім қабылданды.

Кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова студенттерге кіріспе сөз сөйледі. Өз мәлімдемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері, құрылымының қалыптасуы және дамуы жайлы баяндады. Сондай-ақ, Республиканың тұрақтылығын сақтауда және үдемелі дамуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.Ағартушылық баяндама презентациямен және бейнероликтермен толықтырылды.

Соңында студенттер Қазақстан Республикасында барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын белсенді талқылады. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етеді деген қорытындыға келді. Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде әрбір азамат этникалық немесе діни қатыстылығына қарамастан, Конституция кепілдік берген азаматтық құқық пен бостандықтың барлық мүмкіндігін иеленіп және оны пайдаланғандықтан, этносаралық және конферессияаралық келісім, сенімнің ерекше атмосферасы, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің бірегей моделі қалыптасты.

 

Жарияланды: