Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Бәрімізге ортақ ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын! Бұл азаттық жолында жан аямай күрескен қаһарман ата-бабаларымыздың аңсаған арманы орындалған күн. Осыдан тура 33 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданды. Тарихи мәні зор құжат еліміздің дербес мемлекет болуына жол ашты. Декларация мазмұны азаттыққа деген ұмтылыстың айқын нышаны.
Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел іргесі нығайып, мелекетіміз қарқынды дамып, биік белестерді бағындыра берейік!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов