20 қазанда Симуляциялық және білім беру технологиялар кафедрасының оқытушысы Мусабекова Н.Е. кураторлық 2106 том студенттерімен «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайту» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.
Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат – еліміздегі 45
конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Сондықтан, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалуда, ұлт аралық бейбітшілікті сақтау тікелей байланысты.