2023 жылдың 19 қазанында м. ғ. д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Лауенова С.А. Фармация 402 тобының 4 курс студенттеріне кураторлық сағаты өткізілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесетін заңды тұлға құрмайтын мекеме.
Бұл іс-шараның мақсаты патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қызметімен, міндеттерімен және мақсаттарымен таныстыру болды.
«18-ші Қазан Рухани Келісім күні» презентациясы ұсынылды. Студенттер арасында Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі, стратегиясы, құрылу мерзімі туралы білім алмасу болды.
Кураторлық сағат өз мақсатына жетті. Студенттер Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі туралы жаңа білім алып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайту идеясын қолдады.
Фармация 402 тобының кураторы Лауенова С.А.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]