24.10.2023ж КеАҚ Семей медицина университетінде Семей қ. ЖТД кафедрсынын ассистенті Сайдуалиев Д.Н. мен 5215 топ студенттерінің қатысуымен «Республика күні» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Талқылау барысында, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырғаны, өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылғандығы, Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде танитындығы, елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келетіндігі жайлы талқыладық.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]