Республика күні

Республика күні

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен “ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы” декларация қабылданды. Осы сәттен бастап Егемен Қазақстан өз көзқарасымен жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің негізі болды. Ол өзінің территориясы мен діні, тілі, азаматтығы және жеке бюджеті бар тәуелсіз елге айналды. Республика күні – халық мерекесі. Бұл күні елімізде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Қазақстан басқа елдермен шекараны белгілей отырып, өзінің туы мен әнұраны бар жеке елге айналды. Бұл біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған еліміздің азаттық таңы. Стоматологиялық пәндер және ЖБХ  кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарланған іс-шараларының бірі “Республика күніне”арналған іс-шара болды. Сонымен, 505 кураторлық топ қаламыздың көрікті жерлерін аралады. Абай Құнанбаев-Семей қаласының  ұлы тұлғасы. Мереке қарсаңында куратор Құралай Ерғалиқызы Қалиханованың жетекшілігімен 505 топ студенттері “Абай алаңына” барып, әлемдік деңгейдегі қазақ ағартушысының тағдыры мен шығармашылығын талқылады. Патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті көрсете отырып, геральдика мен мемлекеттік тудың тарихын талқылады. Студенттер ой-өрістерін  кеңейтіп, ерекше әсер алды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: