17 қазан 2023 жылы, кураторлық сағат аясында, сондай-ақ, студенттерге туған елге, туған өлкеге деген патриоттық сезім қасиеттерін дарыту мақсатында, взвод кураторы, әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаровтың және оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі И.Шерстобитовтың басқаруымен, 3617 топ студенттері Семей қаласындағы Өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Мұражайды аралау барысында экскурсовод Семей қаласының тарихы, өлкенің табиғаты мен онда мекендейтін жануарлары туралы әңгімелеп, қаланың атақтары тұлғалары, олардың жетістіктері туралы өте көп қызықты мәліметтер берді.
Іс-шара қызықты да танымды болып өткізілді.
Әскери кафедраның 3617 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]