18 қазан 2023 жылы «Республика күні» тақырыбында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш. Орынбасаровтың жетекшілігімен және 3617 топ студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өткізілді.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің шешімімен Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл Декларацияның қабылдануымен қатар Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, жеке салт-дәстүрі жарияланды.
Бұл күн Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалған күн.
2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.
Биыл мерекеміз екінші рет ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі.
Талқылау барысында, тарихқа шегініс жасап, азаматтығымызды айқындаған шешімдер жайлы ой-пікірлер ортаға салынып, мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өміріндегі орны жайында талқыладық.
3617 топ студенттері