Биологиялық орталыққа саяхат

Биологиялық орталыққа саяхат

2023 жылдың 14 –қазанында  ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары  ЖМ 2315 тобының кураторы  Кулямирова Ж.О. және ЖМ 3129 тобы мен 3404 педиатрия тобының кураторы Қанатбекова А.К. өздерінің кураторлық топтарымен Семей қаласындағы «Биологиялық орталықта» болды. Алғашында қаладағы биологиялық орталық «Жас натуралистер» станциясы ретінде құрылған. Биологиялық орталықта бүгінде   жануарлардың 80 түрін тамашалауға болады, олардың көпшілігінің әдеттегі мекені Шығыс Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, сонымен қатар Африка, Австралия және Америка. Студенттерге, әсіресе шетелдіктерге, жергілікті жердің көрікті жерлерін аралап, Қазақстанның хайуанаттарын тамашалау өте қызықты болды. Олар үшін бұл серуен жергілікті флора мен фаунаны зерттеу алаңы ғана емес, сонымен қатар күзгі орманмен серуендеу орны да болды. Шетелдік және жергілікті студенттер бір –бірімен тығыз   қарым-қатынас жасап, өте қызықты уақыт өткізді. Биологиялық орталыққа бару барлығына өшпес әсер қалдырды. ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: