23 қазан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН…» атты медициналық оқу орындары арасындағы облыстық жас ақындар мүшайрасы өтті.
Атаулы шараны ұйымдастырудағы басты мақсат өскелең ұрпақты ұлттық және отансүйгіштік рухқа баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Рухани, мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау.
Мүшайраға қаламыздың медициналық оқу орындарының студенттері қатысып, «Туған жер – тұғырың», «Жас ұрпақ келбеті», «Ата салт-дәстүр мұраты», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» сияқты бағыттар бойынша шағармалары тыңдалды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орынды – «Дүйсенбі Қалматаев атындағы» жоғарғы медицина колледжі студенті Әскерғазина Гүлмара;
ІІ орынды – «Дүйсенбі Қалматаев атындағы» жоғарғы медицина колледжі студенттері Сәрсен Жанерке мен Каспиев Бабанұр;
ІІІ орынды – «Дүйсенбі Қалматаев атындағы» жоғарғы медицина колледжі студенті Серік Қаламқас пен КеАҚ «Семей медицина университеті» студенті Слям Тоғжан иеленді.
Жеңімпаздарымызға жетістіктеріңіз көп болсын дей отырып, КеАҚ «Семей медицина университеті» ұжымы мен барша қазақстандықтарды 25 қазан – Республика күнімен құттықтаймыз!
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]