«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік эссе байқауы өтеді

«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік эссе байқауы өтеді

«Семей медицина университеті» КЕАҚ жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік шығармалар байқауын жариялайды. Конкурс ішкі саясат саласындағы идеологиялық күн тәртібін одан әрі жетілдіру, жастардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Қатысуға Семей медицина университетінің барлық мамандықтары бойынша 1 курс студенттері шақырылады. Байқау автордың мамандық таңдауының дұрыстығын және оның болашағын, оқу мен еңбекте табысқа жетуге ықпал ететін қабілетін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділігін анықтауға бағытталған.

Эсселер 2023 жылдың 1 қарашасына дейін «Эссе байқауы» белгісімен жалпы білім беру пәндері кафедрасының ood@smu.edu.kz  электрондық почтасына жіберіледі. Эссеге қойылатын талаптармен сілтеме бойынша танысуға болады.

Байқау жұмысы қазақ немесе орыс тілдерінде орындалуы мүмкін. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 3 қарашасында өтеді.