«ПАРАСАТ» БІЛІМ БЕРУ БИЗНЕС ФОРУМЫ

«ПАРАСАТ» БІЛІМ БЕРУ БИЗНЕС ФОРУМЫ

2023 жылдың 21 қазан күні КеАҚ «СМУ» Жалпы білім беру пәндер кафедрасының кураторлары С.А. Рахымжанова, Г.М. Алина, К.М. Белеуханова, Л.К. Садықова, З.А. Какимова, Ж.К. Жайырбаева, Ж.А. Мұхаметжанова, және Ж.М. Елеуканова кураторлық топ студенттерімен «Парасат» білім беру бизнес форумына қатысып қайтты.

Шараны ұйымдастырушы спикерлер Арманжан Байтасов, Дулат Тастекей, Шолпан Түсіпбекова, Рифат Әбдураманов, Майя Бекбаева және Данияр Молдахмет Қазақстанның түрлі өңірлері арасында тәжірибе және білім алмасу үшін платформа құру мақсатындағы атаулы шараның бизнес, қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіндігін алға тартты.

Сөз сөйлеуші спикерлердің негізгі «Бизнес және білім беру», «Ұлттық бизнестің болашағы – RBS үлгісі», «Қазақстан тарихы және оны білу несебепті маңызды», «Руханияттың бизнеске әсері» сияқты тақырыптары төңірегіндегі әңгімелерден мықты білім мен көп жылдық тәжірибе алуға мүмкіндік алды.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]