2023 жылдың 21 қазанында «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінде Қазақстанның әртүрлі аймақтары арасында білім және бизнес туралы тәжірибе мен білім алмасу алаңын құруға арналған «PARASAT» республикалық форумы өтті. Бұл форумға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары қатысты.
Форум спикерлері бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті, қазақстандық уақытты басқару бойынша пайдалы кеңестер берді, ұлттық бизнесті дамыту стратегиялары туралы айтты. Сондай-ақ Қазақстан тарихы және оны білудің неліктен маңызды екендігі және руханияттың бизнеске әсері туралы тақырыптар қозғалды. Форумның мақсаты – өңірімізді инвесторлар мен болашақ серіктестер үшін тартымды етіп көрсету.
Кафедрамыздың оқытушылары форумға дайындық пен өткізілу деңгейін жоғары бағалады, сонымен қатар өздері үшін жаңа білім алды. Мұндай іс-шаралар бизнес, қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Раисов Т.Қ. атындығы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары.
Кульжебаева С.Р.
Кожахметова Б.Б.
Данешева А.М.[/vc_column_text]