Қазақстан халқы ассамблеясы – бірегей қоғамдық бірлестік

Қазақстан халқы ассамблеясы – бірегей қоғамдық бірлестік

18 қазан 2023 жылы әскери кафедрада аталған тақырып бойынша кураторлық 3314 топ студенттерімен тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Аталған Қазақстанның қоғамдық ұйымының бірегейлігін ерекше атауға болады, себебі ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты болып –  біздің студенттерге ақпарат беріп, оларды әлемде және тікелей бізде болып жатқан келеңсіз жағдайлардан қорғау.

Болашақ ұрпаққа дұрыс жол көрсету – кез-келген тәлімгердің басты мақсаты деп есептеймін.

Қазақстан халқы ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президентімен құрылған, қоғамдық келісім және жалпұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты дайындауға және жүзеге асыруға жәрдем етуші мекеме.

Қазақстан халқы ассамблеясы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нурсултан Назарбаевтың бастамасымен 1 наурыз 1995 жылы құрылды.

2016 жылдан бастап – Алғыс күні мейрамы болып аталады.

                                                 Әскери кафедра циклінің бастығы

                                               запастағы полковник    Р.Мамыканов

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір