2023 жылдың қазан айының 23-і күні «СМУ» КеАҚ Шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі мектеп студенттерінің арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Спорттық шараны ұйымдастыруға денешынықтыру кафедрасы оқытушылары атсалысты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде бірінші орынды Жалпы медицина мамандығының 5 курс студенті Али Ашер иеленді. Ал екінші орын Жалпы медицина мамандығының 4 курс студенті Абдуллаға, үшінші орын Педриатрия мамандығының 1 курс студенті Әли Базылжановқа бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, жарысты өткізуге үлес қосқан оқытушылар мен студенттерге Алғыс хаттар табысталды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]