“СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының ЖТД кафедрасының топтарының кураторларымен “25 қазан-Қазақстан Республикасының күні!»тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 25 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі болып танылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің№ 307-XII қаулысымен 25 қазан 1990 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақ КСР-нің егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаты: біртұтас мемлекет, оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ этносының және Қазақстанның басқа да этностарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту болып белгіленді.[/vc_column_text]