“Семей медицина университеті” КеАҚ-да оқытушылар мен қызметкерлер арасында оқу орнының 70-жылдығы аясында эстафеталық жарыс өтті. Шараның басында Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Думан Берікұлы сөз сөйлеп,сәттілік тіледі! Жарыста әрқайсысы 6 адамнан тұратын 12 команда жылдамдық,ептілік,дәлдік қасиеттерімен сынға түсті. Спорттық шараның 2 кезеңі-арқан тарту бойынша мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша “Стоматологиялық пәндер және ЖБХ” , “Терапия” , “Симуляциялық және білім беру технологиялары” кафедраларынан құралған “Адреналин командасы жүлделі 2- орынға ие болды! Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасының намысын кафедра ассистенті- Өртбаев Ернұр Ерланұлы, ЖБХ дәрігер-резиденті- Ади Багенов қорғады. Жүлдегерлер ақшалай сыйлық және медаль, кубокпен марапатталды![/vc_column_text]