2023 жылғы 24 қазанда “Жалпы медицина” мамандығының 4422 тобының студенттері топ кураторы Б.А. Шамшинамен бірге “Республика күніне” іс-шара өткізу шеңберінде кураторлық сағат өткізілді.
Мерекенің тарихы 1990 жылғы 25 қазанда Кеңес Одағы құрамындағы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануымен байланысты. 1991 жыл Қазақстанның ресми тәуелсіздігін қабылдаудағы тарихтағы маңызды жылдардың бірі болды.
Іс-шара барысында студенттер тарихты еске алып, ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсап келеген егемендігімздің қалай келгені, өтпелі кезеңді бастан өткеріп, күрделі экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асырғанын талқылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік жұртшылық тарапынан нарықтық – демократиялық ел ретінде танылды, елімізде халықтар достығы жақсы сақталуда.[/vc_column_text]