2023 жылғы 19 қазанда эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы тәрбие жұмысы аясында кураторлық “Жалпы медицина” факультетінің 2508 тобымен «Квиз-плиз ойынын өткізді.
Мұндай ойындар студенттердің ұжымдық рухын, ұйымшылдығын дамытуға бағытталған. Ойынның арнайы әзірленген тапсырмалары мен сұрақтары жалпы эрудицияға, логикаға, сонымен қатар медицина саласындағы білімге бағытталды. Ойынға қатысушылар ойын барысында көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияға кенелді. Сұрақтардың қиындығына қарамыстан студенттер дұрыс жауап таба білді. Топ студенттері 2 команда құрып қатысты, жеңген команда марапатталды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]