“Міржақып. Оян ,қазақ”

“Міржақып. Оян ,қазақ”

Жақын арада шыққан ерекше туынды қазақ елінің біртуар азаматы, ұлт зиялысы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өмір жолына негізделіп түсірілген Міржақып. Оян ,қазақ” атты фильмін “СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасының интерндері кураторлармен бірге көруге барды. Фильмде Міржақып Дулатұлының өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы және таралу кезіндегі қиындықтар , «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы қазақ қоғамының өмірі, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады. Фильм арқылы халқымыздың ашаршылық кезіндегі шыдамдылығына, ұйымшылдығына, қайтпас қайсарлығына, ерік-жігеріне куә болдық. Фильмнің көрсетілімінен кейін интерн дәрігерлер ұлы Алаш зиялыларының қазақ елінің ана тілінің ғылыми негізденуіне, ағартушылық қызметі, жері және еркіндігі үшін күрес жолына тәнті бола отырып, ерекше әсер алғанын атап айтты. Қысқа мерзімде бұл фильм қазақ тілді жастар арасында нағыз трендке айналды. Бұл туынды қазіргі жастарға талмай еңбек етуге, жан-жақты білім алуға, елі мен жері үшін қолынан келгенін жасап, қазақ елімізді көркейтуге ат салысу керектігін ұғындырды Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, Ана тіліміздің мәртебесін көтеретін тарихи туындылар көбейсе екен, деген тілектерін білдірді.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Міржақып Дулатұлы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: