«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша пәндік олимпиада

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша пәндік олимпиада

“Республика Күні” ұлттық мерекесі қарсаңында 2023 жылы 20 қазанда КеАҚ “МУС” Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының и.о доценті м.ғ.к Адильгожина Салтанат Мұратбекқызы шетелдік бөлімнің 5 курс студенттері арасында “жалпы дәрігерлік тәжірибе” пәні бойынша олимпиада өткізді. Шетелдік бөлімнің деканы Балашкевич Н.А. сәлемдесу сөзімен басталды.

Олимпиада мақсаты- цикл бойы алған   білімдерін бекіту. Іріктеу кезеңі 16 қазан күні кафедрада өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша екінші кезеңге қатысқан 55 студенттің 8-і өтті. Олимпиада аясында студенттерге медициналық салада өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін төрт қызықты тур өтті. 1-2 турда – “Өзіндік ойын”, онда әрбір студент өзінің интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Алғашқы екі турдың нәтижелері финалға шыққан ең талантты төрт қатысушыны бөліп көрсетті.

3 турда студенттер диагнозды қою және негіздеу, тексеру және емдеу жоспарын тағайындау арқылы ситуациялық тапсырманы талдады.  4 турда-пән бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Жанкүйерлер де назардан тыс қалған жоқ. Олармен сұрақ-жауап өткізілді. Қазылар алқасы ретінде: шетел бөлімінің деканы, м.ғ.к Балашкевич Н. А.; PhD, ассоцирленген профессор Г. М. Шалгумбаева; кафедра ассистенті Сайдуалиев  Д. Н.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі қатысушылар ие болды:

1 орын Muqadas Mukhtar 5444

2 орын Awan Ammara Qudoos 5335

3 орын Karim Hammad 5335

 

Соңында м.ғ.к Аділғожина С.М. құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге олимпиадаға қатысқаны үшін алғысын білдірді. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мадақтамалар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тағы бір қатысушы белсенді қатысқаны үшін жұбаныш сыйлығымен марапатталды. Университет өзінің талантты студенттерімен мақтанады және олардың медициналық мансабындағы одан әрі жетістіктерге жетулеріне үміттенеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі