Алғашқы кураторлық сағат 1315

Алғашқы кураторлық сағат 1315

Семей медицина университетінің “Стоматология” мамандығының 1315 тобы студенттері және топ кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызымен алғашқы кураторлық сағат өткізілді.Кураторымыз Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызымен таныса отырып, топ студенттері өздерін таныстырып шықты.  Бұл кураторлық сағатта кураторымыз бізге ағымдағы бағалау туралы, емтиханның бағалану үлгісі мен ережесін ,жазғы семестр, оқу платформаларының қолдану үлгісі мен университеттің ішкі ережелерімен таныстырып өтті.Сабаққа қатыспаған, кешігіп келген жағдайларда сабақтарды өтеу ережелеріменжалпы таныстырып шықты.Университеттің студенттерге беретін мүмкіндіктері мен мерекелік іс-шарлардың маңыздылығы мен оларға белсенді қатысуға шақырды.