“Стоматология” мамандығының 1315 тобының кураторы Жайрбаева Жаннұр Қамбарқызы “Республика” күніне арналған кураторлық сағат өткізді. 25 Қазан-Республика күні.1990 жылғы декларацияда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жарияланды, елдің саяси – құқықтық тәуелсіздігі бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы, туған мәдениетін, дәстүрлерін, қазақ халқының тілін және Қазақстанның басқа этностары өкілдерін жаңғырту және дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің маңызды міндеттерінің біріне айналды.Кураторлық сағатта осы ұлттық мерекенің тарихи маңызы, егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстан халқының бірлігі туралы айтылды.Тәуелсіздігіміздің кірпішін салған бұл күнді тойлау-қазақ халқының қуанышы екенін білеміз .Көпұлттылық халық бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, Тарихи қоғамдастық пен республиканың елеулі элитасын түсінудің символы болып қала береді.

