“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

2023-жылдың 27-қазанында Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р бастауымен Абай облысының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған абилитация және реабилитация орталығында 1-жыл резидент-реабилитологтары Жолумбетова Мақпал және Сатыбалдинова Данара реабилитация пәнін өтіп жүрген 713 және 714-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндеріне  пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың ұйымдастырылу мақсаты интерндердің алған білімдерін бекітіп, студенттік өмірлерінде көңілді естеліктер қалдыру.

Олимпиаданың ашылуында кафедра меңгерушісі Алия Рахметуллинқызы сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1-іріктеу кезеңінде тест жүргізілді, 2-кезең сұрақ-жауап форматында және 3-кезеңде клиникалық жағдайлар талқыланды. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін, тәжірибелерін көрсете білді. Қатысқан интерндер арасынан суырылып алдыға шыққан Булатов Азамат 1-орынды, Толеуов Олжас 2-орынды және Турсынканов Куаныш 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары беріліп, басқа қатысушыларға да кішігірім сыйлықтар ұсынылды. Олимпиада соңында интерндер өздерінің кері байланыстарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Интерндер олимпиаданың ұнағанын және осындай пәндік олимпиадалардың олардың білімдерін шыңдайтынын, тәжірибелерін арттыратынын, болашақта резидентура бойынша өз бағыттарын таңдауға септігін тигізетінін жеткізді.

1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар