НАО МУС академиялық саясаты

НАО МУС академиялық саясаты

2023 жылғы 23 қазанда “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасында Семей медицина университетінің “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс, 3101 топ студенттерінің қатысуымен куратордың жетекшілігімен келесі тақырыптар бойынша кураторлық сағат өткізілді.

НАО МУС академиялық саясаты;

Академиялық адалдық;

Студенттердің ішкі тәртіп ережелері;

Студенттердің этикалық кодексі;

Тәртіп саясаты.

Кураторлық сағаттың мақсаты- студенттерге “Семей қаласының медицина университетінде білім алушылардың Әдеп кодексін” және “Ішкі ережелерді, СМУ академиялық саясатын” түсіндіру. Кураторлық сағат барысында: кураторлық топтарға жаңа ережелер, сондай-ақ жаңа оқу жылындағы өзгерістер, бағалау форматы таныстырылды. Пәндік саясат, Академиялық адалдық, университет қабырғасында өзін қалай ұстау керектігі, оқу орнындағы студенттің міндеттері мен құқықтары, этика негіздері, презентациялар мен деректі алмасулар түріндегі университеттің ішкі тәртіп ережелері ұсынылды.

Жарияланды: