Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауы

2023 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары кафедраның кураторлық топтарына, атап айтқанда 1217, 1219, 1220, 1230, 1231, 1233 «Медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауын талқылады.

Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауымен таныстыру, Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық жағдайы туралы білімдерін тереңдету, өскелең ұрпақтың бойына өз елінің алдындағы азаматтық борыш сезімін ояту.

Жолдауды баяндаған-кафедра оқытушысы Қожахметова Б.Б., Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің одан әрі дамуының бағыттарын нақты және шынайы белгілеген сөзінің негізгі шарттарын айтты. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы күшті және қуатты мемлекет құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны, онымен Қазақстан халқының әл-ауқатының болашақта одан әрі өсуін байланыстыруы баса айтылды. Талқылау барысында барлық қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Ұйымдастырушылар: Ғалымбеков Д.Ж., Ибраева Г.Р., Елькенова Б.З., Есентаева А.М., Кожахметова Б.Б., Кульжебаева С.Р., Данешова А.М., ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: