Қазан айының 24-жұлдызы Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р ұйымдастыруымен “Тоқтамыс” балаларды оңалту орталығында қазіргі білім беру үрдісі жайлы пікір алмасу мақсатында м.ғ.д., “Астана медицина университеті” КеАҚ реабилитология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі Н. В. Сливкина және кафедра доценті, қазақстандық медициналық-әлеуметтік сараптама қауымдастығының сарапшысы А. Б. Омаровамен дөңгелек үстел өтті. Н.В. Сливкина мен А.Б.Омарова
Абай облысының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған абилитация және реабилитация орталығындағы “Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүйесін дамыту. Инновациялық тәсілдер” тақырыбында өткен Республикалық семинарға арнайы спикер ретінде шақырылған болатын. Дөңгелек үстелге қонақтармен пікір алмасып, өз сұрақтарың қою үшін 1 және 2-жыл резидент-реабилитологтары қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Наталья Владимировна Астана медицина университетіндегі “Оңалту және спорттық медицина” кафедрасымен, кафедра жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды. Кафедраданың 17 клиникалық базасында “Физикалық медицина және оңалту” мамандығы бойынша резидентура, “Кинезотерапия” және “Эрготерапия” мамандықтары бойынша бакалавриатқа білім беру бағдарламасы іске асырылатыны айтылды. Білім беру үрдісі бойынша Семей медицина университетімен ұқсастығы бары айтылып, СМУ клиникалық базаларына көңілі толғанын, жергілікті резидент-реабилитологтарға жасалған мүмкіндіктердің жоғары екені сөз етілді. Наталья Владимировна резидент-реабилитологтар үшін тәжірибемен және біліммен алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бойынша кафедра есіктері ашық екенін жеткізді. Келесі сөз кезегін алған Айткуль Батталовна медициналық-әлеуметтік сараптама жайлы сөз қозғап, оны элективті пән ретінде оқу бағдарламасына қосудың тиімділігі жайлы айтты. Дөңгелек үстел соңында резидент-реабилитологтар қонақтарға академиялық ұтқырлық, элективті пәндер және Астана медицина универсиететі резидент-реабилитологтарының жұмыс тәртібі жайлы түрлі сұрақтарына жауап алып, кеш қонақтарымен естелікке суретке түсті.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

