30-31 қазанда КеАҚ Семей медицина университінің қоғамдық денсаулық кафедрасының ұйымдастырумен «Көшбасшылық және командадағы жұмыс» тақырыбында жоғары оқу орындары аралық пәндік олимпиада өтті. Қатысушылар «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері, Астана қаласының медицина университеті (екі топ: One pice және Алаш), Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Ақ халатты абзал жан) және Семей қаласының медицина университеті (Гиппократ). Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды. 1-ші турда барлық білім алушылар тест тапсырды. Екінші турда әр топтан 6 адамнан тұратын команда құрылды. Командалық турдың тапсырмалары кроссвордтар, практикалық дағдылар мен басқарушылық дағдылар бойынша шығармашылық ойын болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша
1 орын Астана қаласы Медицина Университеті «Алаш» командасы иеленді;
2 орын Семей қаласының Медицина Университеті «Гиппократ» командасы иеленді;
3 орын Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Ақ халатты абзал жан» командасы иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.[/vc_column_text]